Accessibility links

Түркиядағы зілзала құрбандарының саны 200-ден асты


Жер сілкінісінен қираған ғимарат орнында құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Ержиш, Ван провинциясы, Түркия. 23 қазан 2011 жыл.
Жер сілкінісінен қираған ғимарат орнында құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Ержиш, Ван провинциясы, Түркия. 23 қазан 2011 жыл.
Жексенбі күні Түркияның шығыс аймағындағы зілзала салдарынан, соңғы деректер бойынша, 200-ден аса адам қаза болған.

Ішкі істер министрі Ыдырыс Наим Сахинның айтуынша, Ван қаласында жүзге тарта кісі мерт болып, оған көршілес Ержиш қаласында 117 адам көз жұмған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер қатары әлі де көбейе түседі деген болжамдар айтылып отыр.

7,2 магнитудалы жер сілкінісінің кіндігі Ван провинциясының аумағында болған. Алғашқы сілкіністен кейін 70-тен аса дүмпу сезілген. Зардап шеккен ауданда телефон байланысы, электр желілері істен шыққан.

АҚШ, Әзербайжан, Жапония, Қытай, Еуропа одағы және НАТО Түркияға апат салдарын жою үшін жәрдемдесуге ниет білдірді.
XS
SM
MD
LG