Accessibility links

Қазақстанда 28,8 миллион тонна астық жиналған


Солтүстік Қазақстандағы астық ору науқаны. (Көрнекі сурет)
Солтүстік Қазақстандағы астық ору науқаны. (Көрнекі сурет)
Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігінің сайтындағы елде дәнді дақылдарды жинау науқаны жайлы жарияланған соңғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстан 2011 жылғы қазанның 24-іне дейін 16,0 миллион гектар егіс алқабының 99,5 пайызынан 28,8 миллион тонна астық жиналған. Орташа шығымдылық центнеріне 18,0 гектарды құраған.

Бұл 2010 жылғы көрсеткішпен (гектарынан 8,9 центнер) салыстырғанда әр гектар бойынша 9,1 центнерге артық деп көрсетілген хабарламада.

Ауыл шаруашылық министрлігі дәнді дақылдарды жинау жұмыстары Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында аяқталғанын, ал Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында бидай және арпа толығымен жиналып, енді жүгерінің жиын-теріні жалғасып жатқанын хабарлайды.
XS
SM
MD
LG