Accessibility links

Беназир Бхуттоның анасы қайтыс болды


Пәкістанның бұрынғы үкімет жетекшісі, марқұм Беназир Бхуттоның суреті. Исламабад, 21 қазан 2011 жыл.

Пәкістанның бұрынғы үкімет жетекшісі, марқұм Беназир Бхуттоның суреті. Исламабад, 21 қазан 2011 жыл.

Пәкістанның бұрынғы президенті және премьер-министрі Зұлфиқар Әли Бхуттоның жесірі, Пәкістанның бұрынғы үкімет жетекшісі Беназир Бхуттоның анасы Бегім Нүсрет Бхутто 82 жасында Дубайда қайтыс болды.

Президент Зұлфиқар Әли Бхуттоны 1979 жылы Пәкістанда мемлекеттік төңкеріс жасағандар өлім жазасына кесіп, мерт қылған соң Бегім Нүсрет Бхутто екі рет Пәкістан парламентіне сайланып, күйеуі негізін қалаған Пәкістан халықтық партиясына да жетекшілік еткен еді.

Бегім Нүсрет Бхуттоның денесі Синдх провинциясындағы отбасылық зиратқа қойылады. Оның қызы Беназир Бхутто да сонда жерленген. Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі Беназир Бхутто 2007 жылы желтоқсанның 27-сі күні қастандық құрбаны болған еді.
XS
SM
MD
LG