Accessibility links

Өткен түнде Кенияның астанасы Найроби қаласындағы түнгі клубтардың біріне белгісіз адам граната лақтырып, жарылыс салдарынан 14 адам жарақат алған.

Әзірге бұл шабуылдың түп-төркіні белгісіз.

Осыдан бір апта бұрын Кенияның үкімет әскері "Аш-Шабаб" тобының мүшелерін қуып, көршілес Сомали еліне кірген еді. Кения билігі аталған топты "адам ұрлау қылмыстарымен айналысады" деп айыптайды.

Ал "Аш-Шабаб" тобы "Кения өз әскерін Сомалиден шығармаса, онда шабуылдар жасайтынын" ескерткен болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG