Accessibility links

Қырғыз президенттігінен үміткерге қарсы парақшалар таратылды


Ата жұрт партиясының жетекшісі, парламент мүшесі Камчыбек Тачиев. 2011

Ата жұрт партиясының жетекшісі, парламент мүшесі Камчыбек Тачиев. 2011

Қырғызстан президенттігінен үміткер Камчыбек Тачиев көп миллион доллар пара алды деген арандатушы парақшалар таратылды. Бұл туралы Азаттықтың қырғыз қызметі кандидаттың өкіліне сілтеме жасап хабарлап отыр.

Жексенбінің түнінде Қошқар ата қаласында таратылған үнпарақтарда, Камчыбек Тачиев президенттік додадан өз кандидаттығын алу үшін қарсыласынан 5 миллион доллар ақша алды деп айыпталған.

Тачиевтің баспасөз өкілі Нұрғазы Анаркулов дәл сондай парақшалар демалыс күндері Нукат, Нукен қалалары мен Ыстық көл аймағында таратылды деді.

Ол бұл оқиғаны Тачиевтің қарсыластары ұйымдастырған арандатушылық деп бағалап отыр. Оның айтуынша, Қошқар ата полициясы бұл оқиғаны зерттеу жөніндегі Тачиевтің шағымын қабылдамай қойған.

Қазанның 30-да Қырғызстанда өтетін президент сайлауына 19 кандидат түсіп отыр.
XS
SM
MD
LG