Accessibility links

"Амнести интернешнл": Сирия билігі ауруханалардағы науқастарды азаптаған


"Амнести интернешнл" ұйымының белгісі.
"Амнести интернешнл" ұйымының белгісі.
"Амнести интернешнл" халықаралық құқық қорғау ұйымы Сирия билігі мемлекеттік ауруханалардағы науқастарды азаптап-қинаған деп мәлімдеп отыр.

Халықаралық ұйым 39 беттен тұратын баяндамасында Сирияның бірнеше ауруханасына түскен науқастарға қауіпсіздік қызметі мен дәрігерлердің сорақы қарым-қатынасы сипатталған.

"Көп жағдайларда медициналық қызметкерлер де жұмыс міндеттері бойынша өздері қамқорлық көрсетуге тиісті жандарға қорлық көрсетуге қатысқан", - дейді "Амнести интернешнл" ұйымының Таяу шығыс пен Африка бойынша өкілі Силина Насер.

Негізінен, әңгіме үкіметке қарсы шерулер кезінде зардап шегіп, түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілгендер туралы болып отыр. Бұл елде тіпті өздерін саясаттан аулақ ұстайтын жұрттың көпшілігі емханаларға бармағанды жөн көретіні айтылған.

Құқық қорғаушылар бұл жағдайды Сирия билігінің тәуелсіз көзқарас-пікір ұстанатын азаматтарға қарсы күрес тәсілдерінің бірі ретінде атаған. Алайда Сирия билігі өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып отыр.
XS
SM
MD
LG