Accessibility links

Таиландта тасқын су құрбандарының саны 360 адамнан асты


Бангкок маңындағы Патхумтхани губерниясында тасқын су басқан елді мекеннен жұртты көшіру кезінде қарт әйелді арқалаған адам. Таиланд, 21 қазан 2011 ж.
Бангкок маңындағы Патхумтхани губерниясында тасқын су басқан елді мекеннен жұртты көшіру кезінде қарт әйелді арқалаған адам. Таиланд, 21 қазан 2011 ж.
Таиландта тасқын су салдарынан құрбан болғандардың саны 366 адамға жетті.

Бұл туралы хабарлаған Таиланд үкіметінің деректері бойынша, ел астанасы Бангкоктың солтүстігіндегі аудандарда көтерілген су деңгейі бұрынғыдай немесе аздап төмендеген, ал Бангкок қаласы оңтүстікке, Сиам шығанағына қарай аққан тасқын судан көз аша алмай отыр.

Әйткенмен, табиғи апатқа қарамастан, Бангкоктағы өмір қайтадан өз арнасына келе бастағаны, қаладағы екі әуежайдың да қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғаны хабарланып отыр.
XS
SM
MD
LG