Accessibility links

Каддафиді белгісіз жерге апарып жерлейді


Ливиялықтар Муаммар Каддафидің мәйітін көру үшін кезекте тұр. 24 қазан. 2011

Ливиялықтар Муаммар Каддафидің мәйітін көру үшін кезекте тұр. 24 қазан. 2011

Ливияның бұрынғы жетекшісі Муаммар Каддафидің мәйіті жерленеді. Өткен бейсенбі күні туған қаласы Сиртте атып өлтірілген Каддафидің сүйегі Мисуратада суық жерде сақталып келген.

Ливия ұлттық өтпелі кеңесінің айтуынша, Каддафидің мәйіті шөлдаладағы белгісіз жерге көміледі.

Оның балаларының бірі Муаттассим де бүгін жерленеді. Каддафидің өлімі Ливиядағы сегіз айға жалғасқан қақтығысты тоқтатты.
XS
SM
MD
LG