Accessibility links

Назарбаев: "Еуразиялық одақ СССР-ді қайта жаңғырту емес"


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Еуразиялық одақты ашық жоба ретінде қарастырады, оны, мәселен, Еуропа одағымен немесе өзге бірлестіктермен кең көлемді қарым-қатынастарсыз елестету мүмкін емес, сонымен бірге СССР-ді қайта жаңғырту ешқашан болмайды. Бұл туралы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бүгін ресейлік «Известия» газетінде жарияланған «Еуразиялық одақ: идеядан болашақ тарихына дейін» атты мақаласында айтылған.

«СССР-ді «жаңғырту» немесе «қайта тірілту» деген жоқ және болмақ емес. Ол тек өткеннің елесі, долбар мен жел сөз ғана. Бұл мәселеде Ресей, Беларусь және өзге елдердің басшылығымен көзқарасымыз толық үйлеседі», - дейді президент Назарбаев.

Сондай-ақ Назарбаев «Еуразия одағы Қытайдың экономикалық экспансиясынан қорғану үшін қажет деп асығыс мәлімдеме жасаған кейбір батыс сарапшыларының айтқандары да шындықтың ауылынан алыс» екендігін айтады.

«Керісінше, Қытай соңғы екі онжылдық бойы - Ресейдің де, Қазақстанның да, Беларусьтің де стратегиялық серіктесі. Біз қарқынды саяси диалог пен тығыз экономикалық әріптестікті қолдаймыз» деп жазады Қазақстан президенті.
XS
SM
MD
LG