Accessibility links

Қазақстан 15 миллион тонна астықты экспортқа шығара алатынын мәлімдеді


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Қазақстан биылғы жылғы астық өнімінің 15 миллион тоннасын сыртқы саудаға шығара алады. Бұл туралы бүгін Қазақстан ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Марат Толыбаев мәлімдеді.

«Біз тәуелсіздік кезеңінен бергі ең мол астық өнімін - 29 миллион тоннадан астам дәнді дақылдар жинадық. Бұл бізге биыл 15 миллион тонна астықты экспортқа шығару туралы айтуымызға мүмкіндік береді», - деді вице-министр Толыбаев қазанның 26-сы күні Астанада аграрлық инновациялар тақырыбына өткен халықаралық конференцияда.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтері бойынша, бүгінгі күнге Қазақстанда егіс алқабының 99,7 пайызынан жиналған 29,3 миллион тонна астық бастырылған.
XS
SM
MD
LG