Accessibility links

Қытай интернетті бақылаудың қатаң шараларын қолданбақшы


Полиция қызметкері Бейжіңдегі интернет-кафелердің бірін тексеріп жүр.
Полиция қызметкері Бейжіңдегі интернет-кафелердің бірін тексеріп жүр.
Қытай үкіметі интернеттегі әлеуметтік желілер мен жылдам хабар алмасу тетіктерін бақылаудың қатаң шараларын қолданбақшы болып отыр.

Қытай тілді интернетте "Вейбо" деген атауға ие, қарқынмен көбейіп бара жатқан шағын блогтарда өзге ақпараттармен бірге жоғары лауазымды билік өкілдерін сынайтын және толқу-наразылықтар немесе шенеуніктердің теріс қылықтары туралы хабарлар үнемі жарияланып отырады.

Қытай коммунистік партиясы орталық комитетінің осы айдағы мәлімдемесінде интернет арқылы ақпарат таратудың жаңа принциптері мен "зиянды хабар таратумен қатаң күресу қажеттігі" айтылған еді.
XS
SM
MD
LG