Accessibility links

Ауғанстанда жарылыстан бес адам мерт болды


Паруан провинциясындағы террорлық жарылыс болған жер. 14 тамыз 2011 ж.

Паруан провинциясындағы террорлық жарылыс болған жер. 14 тамыз 2011 ж.

Ауғанстанның орталық аймақтарының бірі - Паруан провинциясында сейсенбінің кешінде болған жарылыс салдарынан бес адамның өмірі қиылып, 45 адам жарақат алған.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, жанармай таситын көліктегі ыдыста тесік пайда болып, одан сұйық отын аға бастағанда маңайына адамдар жиналған, сол сәтте көлікке жасырылған бомба жарылған.

Ассошейтед пресс агенттігінің хабарлауынша, үш адам сол жерде жан тәсілім етіп, тағы екі кісі ауруханада қайтыс болған.

Әзірге бұл жарылысқа байланысты жауапкершілікті ешкім өз мойнына алған жоқ.

Жарылыс болған Паруан провинциясы ел астанасы Кабулдан солтүстікке қарай 40 шақырымдай жерде орналасқан.
XS
SM
MD
LG