Accessibility links

2011 жылдың 31-ші қазанында әлем тұрғындарының саны 7 миллиард адамға жетеді. Бұл болжам туралы БҰҰ-ның тұрғындар қорының Қазақстан мен Қырғызстан бойынша директоры Николай Ботеев Алматыда мәлімдеді.

Оның айтуынша, әлемдегі халық санының өсуі ең бірінші кезекте медицина мен денсаулық саласындағы жетістіктерге тікелей байланысты болып отыр. Осы тұрғыда адамдардың өмір сүруі ұзаққа созылып, ана мен бала өлімі азайды деді ол.

БҰҰ өкілінің келтірген мәліметіне қарағанда, әлемдегі орташа өмір сүру ұзақтығы соңғы жарты ғасырда 48 жастан 68 жасқа көтерілді. Бала өлімі 2005-2010 жылдары айтарлықтай азайған.
XS
SM
MD
LG