Accessibility links

Қазақстанда екі мың тұтқын рақымшылыққа ілінбек


Қазақстанның ҰҚК-нің тергеу изоляторының қақпасы.
Қазақстанның ҰҚК-нің тергеу изоляторының қақпасы.
Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай 16 мың адамға рақымшылық жасау қарастырылып отыр дейді рахымшылық туралы заң жобасын парламентке ұсынған әділет вице-министрі Әмірхан Аманбаев. Бұлардың екі мыңы - жазасын өтеп жатқан тұтқындар.

Әмірхан Аманбаевтың айтуынша, үкімін күтіп сотқа дейінгі тергеу изоляторында отырған адамдар да бұған ілінуі мүмкін.

Жаңа заң жобасы бойынша, бес жылға дейін түрме жазасын алған азаматтар, жасөспірімдер, балалы әйелдер, зейнет жасындағы және мүмкіндігі шектеулі жандар рахымшылыққа ілінеді.

Парламент мәжілісі мақұлдаған рақымшылық жөніндегі заң жобасы бүгін сенаттың қарауына жіберілді. Одан кейін президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қол қойып бекітеді.

Қазір Қазақстан түрмелерінде 45 мың 859 адам, сотқа дейінгі қамау орталықтарында 6 мың 605 адам отыр.
XS
SM
MD
LG