Accessibility links

Түркменстандағы Азаттық тілшісі абақтыдан шықты


Түркменстандық журналист Дәулетмұрад Язкулиев. 15 шілде. 2011

Түркменстандық журналист Дәулетмұрад Язкулиев. 15 шілде. 2011

Азат Еуропа/Азаттық радиосының Түркменстандағы тілшісі президент Бердімұхамедов жариялаған рахымшылық бойынша бостандыққа шықты.

Дәулетмұрад Язкулиев осы айдың басында бес жылға түрмеге жабылған болатын. Оған "өз отбасы мүшелерінің бірін өзіне қол салу дәрежесіне дейін жеткізген" деген айып тағылған еді.

Журналистің туыстары мен әріптестері билік Язкулиевті кәсіби қызметін атқарғаны үшін қудалап отыр деп айтқан.

Бүгін бостандыққа шыққан 43 жастағы Дәулетмұрад Язкулиев өзін бостандыққа шығаруға ат салысқандарға алғысын жеткізген.
XS
SM
MD
LG