Accessibility links

НАТО Ливиядағы әуе операциясын тоқтату жөніндегі ресми шешімді айдың соңына дейін қалдырды.

Муаммар Каддафи қолға түсіп, өткен аптада өлтірілген соң, НАТО-ның Ливиядағы жеті айлық операциясын тоқтату туралы Брюссельде кездесу өтті. НАТО-ға мүше 28 елдің өкілдері жұма күні бұл мәселе бойынша БҰҰ және Ливия ұлттық кеңесінің өкілдерімен кеңес өткізеді.

БҰҰ-ның арнайы қарарымен басталған Ливиядағы НАТО операциялары бейбіт халықты Каддафи күштерінің шабуылынан қорғауға бағытталған. НАТО-ның қолдауымен Ливия оппозициясы тамыз айында Каддафиді биліктен кетірген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG