Accessibility links

Израиль мен Палестина бейбіт келіссөздерге оралуға көнбеді


Палестиналықтардың Израильмен келіссөздер жөніндегі өкілі Саиб Ерекат. Рамаллах, 23 тамыз 2010 ж.
Палестиналықтардың Израильмен келіссөздер жөніндегі өкілі Саиб Ерекат. Рамаллах, 23 тамыз 2010 ж.
Таяу Шығыстағы жағдайды бейбіт жолмен реттеу үшін Израиль мен Палестинаны келіссөздерге оралуға көндірмек болған халықаралық ара ағайындардың талпынысы сәтсіз аяқталды.

Сәрсенбі күні халықаралық «төрттік» - БҰҰ, Еуропа Одағы, АҚШ және Ресей өкілдері екі тараппен Рамаллах және Иерусалимде жеке-жеке кездескен еді.

Палестиналықтардың өкілі Саиб Ерекат Израиль басып алынған жерде құрылыс салуды тоқтатпайынша Палестина басшылығының бейбіт келісімдерге оралмайтынын жеткізген. Бірақ, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың өкілі, Израиль өзіне қандай да болмасын алдын-ала талап-шарттар қоятын келіссөз туралы ұсынысты қабылдамайды деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG