Accessibility links

Жаңаөзендегі жұмысшылар белсендісіне резеңке оқ атылған


Жаңаөзен қаласының атауы жазылған белгі.
Жаңаөзен қаласының атауы жазылған белгі.
Жаңаөзен қаласында жергілікті жұмысшылар белсендісі Естай Қарашаевқа сәрсенбі күні белгісіз біреу шабуыл жасап, резеңке оқпен атып кеткен. Бұл туралы Азаттық тілшісіне қазанның 26-сы күні Естай Қарашаевтың өзі хабарлады.

Оның айтуынша, сәрсенбі күні кешке өзі тұратын үйдің подъезіне кірген сәтте сырт жағынан жүгіріп келген біреу оған тарпа бас салып, төбелесе кеткен.

- Ол маған қол жұмсап, ұрып жіберді. Қорғанып жүргенімде, мені теуіп құлатты да, желкемнен атып жіберді. Есімнен танып қалыппын, кейін сол жерге келген полиция резеңке оқ тауып алды, - деді Естай Қарашаев.

Сол күні ауруханаға жеткізілген Қарашаев бейсенбі күні өзі қолхат беріп шығып кетті деп айтты аурухана қызметкерлері қазанның 27-ы Азаттық радиосына. Ал Жаңаөзен ішкі істер бөлімінің кезекші қызметкері өздеріне Естай Қарашаевтан түскен арыз негізінде "Бұзақылық" бабы бойынша іс қозғалғанын хабарлады.

Естай Қарашаевтың айтуынша, оқиға болған сәрсенбі күні оны аудандық ішкі істер бөліміне шақырған. Полиция бөлімі бастығының орынбасары Қарашевпен әңгімеде қаладағы мұнайшылар ереуілі жайын сөз етіп, алаңда тұрғандар ереуілді доғарғаны жөн деген пікір айтқан.
XS
SM
MD
LG