Accessibility links

Сауд Арабиясы патшасының жаңа мұрагері тағайындалды


Сауд Арабиясының картасы.
Сауд Арабиясының картасы.
Наиф бин Абдел Азиз Сауд Арабиясы патшасының мұрагері болып аталды. Бұл туралы ақпаратты осы елдің мемлекеттік телеарнасы таратты.

Осы уақытқа дейін елдің ішкі істер министрі болып келген 78 жастағы Наиф бин Абдел Азиз енді Сауд Арабиясы үкіметіне жетекшілік ететін болады.

Ол исламшыл бүлікшілерге қарсы күресті басқарды. Сонымен бірге Наиф консервативтік көзқарас ұстанатын қайраткер. Мысалы, ол сайлауға әйелдерді қатыстыруды құптамайды. Биыл қыркүйек айында Сауд Арабиясының патшасы, 87 жастағы Абдулла бин Абдел Азиз тұңғыш рет елде әйелдердің жергілікті сайлауларға қатысуына жол ашып, әйелдерге дауыс беру құқығы берілетінін мәлімдеген еді.

Наиф бин Абдел Азизге дейін патша тағына мұрагер болып келген оның ағасы Сұлтан бин Абдел Азиз осыдан бір апта бұрын 83 жасында Нью-Йоркте қатерлі ісік дертінен қайтыс болған еді.
XS
SM
MD
LG