Accessibility links

Түркияда қиранды астында қалған 13 жастағы ұл 108 сағаттан кейін құтқарылды


Зілзаладан қатты зардап шеккен Ержиш қаласы, Түркия. 26 қаласы 2011 ж.

Зілзаладан қатты зардап шеккен Ержиш қаласы, Түркия. 26 қаласы 2011 ж.

Бүгін Түркияда құтқарушылар, елдің оңтүстік-шығысында болған күшті жер сілкінісінен соң 108 сағат өткенде, қиранды астынан тірі қалған 13 жастағы ұл баланы алып шықты. Қиранды астында қалып қойған тағы бір жас жігіт бейсенбі күні құтқарылған еді, қазір ауруханада жатқан оның денсаулығы қанағаттанарлық дейді дәрігерлер.

Осы уақытқа дейінгі мәліметтер бойынша, Түркияда қазанның 23-і Ван аймағында болған 7,2 магнитудалы зілзала салдарынан 523 адам қаза тапқан, жүздеген адам хабарсыз кеткен. 1600-ден астам адам жараланған.

Құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр, негізгі күш табиғи апат салдарынан баспанасыз қалған жандарға жәрдем көрсетуге жұмылдырып отыр.
XS
SM
MD
LG