Accessibility links

Түркияда зілзаладан қаза болғандардың саны 570-ке жетті


Зілзаладан қатты зардап шеккен Ержиш қаласы, Түркия. 26 қазан 2011 жыл.
Зілзаладан қатты зардап шеккен Ержиш қаласы, Түркия. 26 қазан 2011 жыл.
Ресми өкілдердің айтуынша, Түркияның шығысындағы зілзаладан қаза болғандардың саны 570-ке жеткен.

Түркия дағдарыс орталығының мәліметінше, дүйсенбі күні Ван уәлаятында болған 7,2 магнитудалы жер сілкінісінен 2555 адам жарақат алған. Кей аудандарда құтқару жұмыстары жалғасып жатыр бірақ қалған жерлерде құтқару жұмыстары тоқтап, негізінен аман қалғандарға көмектесу мәселесіне назар аударылып жатыр.

Осы уақытқа дейін 187 адам құтқарылды. Бүгін құтқарушылар зілзаладан кейін 108 сағат өткенде қиранды астынан тірі қалған 13 жастағы ұл баланы алып шықты.
XS
SM
MD
LG