Accessibility links

НАТО Ливиядағы әскери миссиясын аяқтайды


НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен. Брюссель, 6 қазан 2011 жыл.
НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен. Брюссель, 6 қазан 2011 жыл.
НАТО басшысы альянстың Ливиядағы әскери операциясы қазанның 31-інде аяқталады деп мәлімдеді.

Бүгін НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен "біздің әскери жұмысымыз орындалды", Брюссельдегі НАТО елшілерінің кездесуі осы айдың аяғында миссияны тоқтату туралы шешімді растады деп мәлімдеді.

Осыдан бір күн бұрын БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Ливиядағы НАТО операцияларының мандатын доғару жөнінде дауыс берген болатын. Мұндай шешім Ливияның бұрынғы жетекшісі Муаммар Каддафидің өлімінен кейін жасалды.
XS
SM
MD
LG