Accessibility links

Ресейде футбол жанкүйерін өлтірген азамат 20 жылға сотталды


Футбол жанкүйері Егор Свиридовты өлтірді деп айыпталған Аслан Черкесов. Мәскеу қалалық соты, 4 шілде 2011.

Футбол жанкүйері Егор Свиридовты өлтірді деп айыпталған Аслан Черкесов. Мәскеу қалалық соты, 4 шілде 2011.

Ресей соты желтоқсанда Мәскеудегі төбелесте футбол жанкүйерін өлтірген азаматты 20 жылға бас бостандығынан айырды.

Бүгін Мәскеу қалалық соты кавказдық азамат Аслан Черкесовты "адамды әдейі өлтіру" айыбы бойынша кінәлі деп тауып, оны түрмеге жапты. Өткен жылғы төбелеске қатысқан тағы басқа бес адам 5 жылға сотталды.

Желтоқсанның 6-сында Ресей жастары мен Солтүстік Кавказ мигранттары арасында болған араздықта футбол жанкүйері Егор Свиридов атып өлтірілген болатын. Бұл оқиға кейін нәсілшілдік негізіндегі толқуларға себеп болған еді.
XS
SM
MD
LG