Accessibility links

Қырғызстанда өзбек жетекшілері сырттай сотталды


Қырғызстандағы өзбектердің жетекшілері Қодиржон Ботиров пен Ином Абдурасулов сырттай сотталып, өмір бойы бас бостандықтарынан айырылды деп хабарлайды Азаттық радиосының қырғыз және өзбек қызметтері.

Жалалабад қалалық сотының жұма күнгі шешіміне сәйкес, сотталғандардың мүліктері тәркіленеді.

Қырғыз билік орындары Ботиров пен Абдурасуловқа "өткен жылғы этникалық қақтығыстың басталуына түрткі болған" деген айып тақты.

Қодиржон Ботиров пен Ином Абдурасуловтың қайда екендігі белгісіз.
XS
SM
MD
LG