Accessibility links

Каддафидің қашып жүрген ұлы өзінің кінәсіз екенін айтты


Саиф әл-Ислам Каддафи. Триполи, 23 тамыз 2011 жыл.

Саиф әл-Ислам Каддафи. Триполи, 23 тамыз 2011 жыл.

Саиф әл-Ислам Каддафи халықаралық трибуналға "адамзатқа қарсы қылмыс жасады" деген айып бойынша өзінің кінәсіз екенін мәлімдеді.

Гаагадағы халықаралық соттың прокуроры Луис Морено-Окампо "Рейтерс" агенттігіне берген сұқбатында трибунал Ливияда биліктен құлатылып, өлтірілген Муаммар Каддафидің ұлы Саиф әл-Исламмен бейресми байланыс орнатты деп хабарлады.

Саиф әл-Ислам Сирт қаласында әкесі өлтірілген соң Ливияның оңтүстігіндегі шекара арқылы Нигерге қашып кетті делінеді.
XS
SM
MD
LG