Accessibility links

Кабулда НАТО күштеріне шабуыл жасалды


Ауғанстан картасы

Ауғанстан картасы

Ауғанстан астанасы Кабулда шетел күштерінің көлігіне жанкештілік шабуыл жасалып, төрт адам мерт болды.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Сиддиқ Сиддиқуидің мәлімдеуінше, сенбі күні бір жанкешті кісі көлігін жарып жіберіп, үш қарапайым азамат пен полиция қызметкерін өлтірген.

Сонымен қатар бүгін елдің шығысындағы Кунар уәлаятының Асадабад қаласында жергілікті қауіпсіздік агенттігінің бөлімі сыртында бір жанкешті әйел өзін жарып жіберіп, екі күзетшіні жаралады.
XS
SM
MD
LG