Accessibility links

Түркиядағы жарылыстан 2 адам қаза болып, 12 кісі жараланды


Түркия картасы
Түркия картасы
Түркия ішкі істер министрінің мәлімдеуінше, бүгін елдің оңтүстік-шығысындағы жарылыстан 2 адам мерт болып, 12 кісі жарақат алған.

Идрис Наим Сахиннің айтуынша, негізінен күрдтер тұратын Бингол қаласындағы бұл жарылысты жанкешті жүзеге асырған болуы мүмкін. Жарылыс биліктегі Әділет және даму партиясының жергілікті бөлімшесі жанында болған.

Бұл шабуылға байланысты жауапкершілікті әзірше ешкім өз мойнына алмады.
XS
SM
MD
LG