Accessibility links

Қазақстан президенті Вьетнамда ынтымақтастық туралы сөйлеседі


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Еңбекшіқазақ ауданындағы малшылар слетіндегі кездесуі.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Еңбекшіқазақ ауданындағы малшылар слетіндегі кездесуі.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Вьетнамға ресми сапарында осы елдің жетекшілерімен келіссөздер өткізеді.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, президент Назарбаев Вьетнамға осы елдің президенті Чыонг Тан Шангтың шақыруымен барып отыр.

Бұл елге Қазақстан жетекшісінің алғашқы сапары екі жақты қарым-қатынасты жан-жақты дамытуға бағытталған. Тараптар түрлі саладағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қояды деп хабарлады сыртқы істер министрлігінің өкілі Алтай Абибуллаев ИТАР-ТАСС агенттігіне берген сұқбатында.

Екі елдің іскер топтары арасында бизнес форум өтеді. Ресми мәліметтерге қарағанда, Қазақстан мен Вьетнам арасындағы сауда айналымы 2009 жылы 88,4 миллион доллар болса, 2010 жылы 38,2 миллион долларға түсіп кеткен. Осы жылы қаңтар-тамыз айларында 33,3 миллион долларды құрап отыр.

Назарбаевтың Вьетнам еліне сапары қарашаның 1-не дейін жалғасады.
XS
SM
MD
LG