Accessibility links

Израиль мен Палестина арасында тағы атыс болды


Египет Израиль мен Палестина жасақтары өткен түнде атысқан соң, Газада екі ел арасындағы атысты тоқтату келісіміна арағайындық жасау мүмкін болмады деді.

Бітімгерлік келісімінен кейін Израильге үш бірдей зымыран соққысы берілді. Екеуі нысанаға жетпей құртылып, үшіншісі Израильдің оңтүстігіне түскен. Бірақ ешкім жапа шекпеген.

Өткен түнде Израильдің ұшақтары Газадағы жасақтардың алты орнын нысанаға алып шабуылдаған. Өткен түндегі атыстар сенбі күні 9 палестиндік қаза тауып, бір израиль тұрғыны мерт болған қақтығыстан кейін болды.
XS
SM
MD
LG