Accessibility links

Қырғызстанда президент сайлауына 15.00-ге дейін 36,41 пайыз адам қатысты


Қырғызстан президенті Роза Отунбаева дауыс беруге қатысты. 30 қазан. 2011
Қырғызстан президенті Роза Отунбаева дауыс беруге қатысты. 30 қазан. 2011
Бүгін қырғызстандықтар өткен жылғы қанды төңкеріс пен этникалық қақтығыстан кейінгі бірінші президенттік сайлауға қатысып жатыр. Дауыс берушілер үшін елде 2 мың 289 сайлау учаскесі ашылған.

Алматыдағы Қырғызстан консулдығында 10 мың Қырғызстан азаматы дауыс беруге қатыса алады. Президенттіктен үміткер 16 кандидаттың ішінде, қазіргі премьер-министр Алмазбек Атамбаев, "Ата Жұрт" партиясының жетекшісі Камчыбек Тачиев, және парламенттің бұрынғы спикері, "Бүтін Қырғызстан" партиясының жетекшісі Адахан Мадумаров бар.

Сарапшылар ешбір кандидат толық жеңіске жеткізетіндей 50 пайыз дауыс ала алмайды деп санайды.

Қазіргі президент, Құрманбек Бакиев билігін құлатқан көтерілісті бастаған дипломат Роза Отунбаева президенттік саулауға түспеді.. Өткен жылы Қырғызстанда өткен референдум президенттің билігін азайтып, парламенттің құзырын күшейткен болатын.

Бұл сайлауды халықаралық бақылаушылар қадағалап отыр. Ішкі істер министрі Зарылбек Рысалиев Бүтін Қырғызстан партиясының жетекшісі Адахан Мадумаровтың жақтастары сайлаушыларға 500 сом ақша таратып жүргенде ұсталды деп хабарлады.
XS
SM
MD
LG