Accessibility links

Ливияның жаңа билігі елде химиялық қару барын растады


Химиялық қаруды жою кезі. (Көрнекі сурет)

Химиялық қаруды жою кезі. (Көрнекі сурет)

Ливияның жаңа билігі елде химиялық қарудың барын растады, алайда нақты қандай қару және қанша көлемде екендігі туралы айтпады.

"Ливияға бұл қарудың қажеті жоқ" деп мәлімдеді Ливия өтпелі үкіметінің жетекшісі Махмуд Жибрил. Оның айтуынша, жақын арада елге халықаралық инспекторлар келіп, бұл мәселемен солар айналысатын болады.

Осы аптада БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Ливия билігін халықаралық сарапшылардың жәрдемімен елдегі химиялық қару-жарақ қоймаларын жоюға үндейтін қарар жобасын талқылап, оны дауысқа қояды. Бұл жобаны Ресей дайындап ұсынған.

Ливияда халықаралық ұйымдардың тіркеуінде жоқ химиялық қару бары туралы өткен аптада БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне БҰҰ-ның Ливиядағы арнайы өкілі Иан Марти хабарлаған еді.
XS
SM
MD
LG