Accessibility links

Бүгін НАТО Ливиядағы әскери операциясын аяқтайды


Ливиядағы операцияға НАТО күштері сапында француз әскери ұшақтары да қатысты.

Ливиядағы операцияға НАТО күштері сапында француз әскери ұшақтары да қатысты.

Бүгін НАТО Ливиядағы әскери операцияларын аяқтауы тиіс. Өткен аптада БҰҰ қауіпсіздік кеңесі НАТО мандатының мерзімі Ливия уақыты бойынша 31 қазан күні 23 сағат 59 минутта бітетіні туралы жариялаған соң, жұма күні НАТО кеңесінің отырысында осындай шешім қабылданған болатын.

Брюссельде сөйлеген сөзінде НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен "Біріккен қорғаушы" атты бұл операция Солтүстік-атлантикалық одақ тарихында ең сәтті шаралардың бірі болды деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Ливияның азаматтық тұрғындарын қорғау, "ұшудан еркін аймақ" деп жарияланған әуе кеңістігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұл елге қару-жарақ әкелуге тыйым салу туралы БҰҰ-ның берген мандаты толық сақталған.

Ливияға қатысты жеті айға созылған операция барысында НАТО әскери-әуе күштері 26 мың рет әуеге көтеріліп, он мыңға жуық әуе соққысын берген.
XS
SM
MD
LG