Accessibility links

Қырғызстан сайлаушыларының 60,27 пайызы дауыс беруге қатысқан


Дауыс беру аяқталған соң сайлау учаскелерінің бірінде бюллетеньдер саналып жатыр. Ош, Қырғызстан, 30 қазан 2011 ж.
Дауыс беру аяқталған соң сайлау учаскелерінің бірінде бюллетеньдер саналып жатыр. Ош, Қырғызстан, 30 қазан 2011 ж.
Қырғызстан орталық сайлау комиссиясының бүгін таңертең жариялаған деректері бойынша, қазанның 30-ы өткен ел президентінің сайлауына дауыс беруге сайлаушылардың 60,27 пайызы қатысқан.

Ең белсенді аймақ - Шу облысында сайлаушылардың 81,53 пайызы дауыс берген. Ал дауыс беру бойынша Жалал-Абад облысында ең аз көрсеткіш тіркелген - 47,78 пайыз.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Қырғызстандағы президент сайлауының алдын-ала қорытындысы бойынша, үкімет басшысы Алмазбек Атамбаевқа сайлаушылардың 63 пайызы дауыс берген. Қырғызстан заңына сәйкес, дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жартысынан астамын жинаған кандидат жеңіске жеткен болып танылады.
XS
SM
MD
LG