Accessibility links

Ақпарат еркіндігіне налитын Блэр Қазақстанға кеңес береді


Ұлыбританияның бұрынғы премьері Тони Блэр. Киев, 6 маусым 2011 жыл.
Ұлыбританияның бұрынғы премьері Тони Блэр. Киев, 6 маусым 2011 жыл.

Батыстық басылымдар Ұлыбританияның бұрынғы премьері Тони Блэрдің биліктегі және одан кейінгі қызметі жайлы, әсіресе Лакшми Митталмен қарым-қатынасы туралы жазады.


Financial Times басылымы қазанның 27-сі күнгі санында жазуынша, Тони Блэр мемуарында ақпарат еркіндігін енгізгенін өзінің ең үлкен қателіктерінің бірі болғанын ашық айтады. Лейбористік партия мүшесі Джонатан Пауэл де «Жаңа Макиавелли» деп аталатын кітабында осы пікірді қайталап, жаңа лейбористік министрлердің елде ақпарат еркіндігінің енгізілуін өздеріне жіберілген қарғыс деп санайтынын жазады.

БҰРЫНҒЫ ПРЕМЬЕРДІҢ ЖАҢА ӨМІРІ

Тони Блэрдің ақпарат еркіндігін жек көруі оның биліктен кетуінен кейін басталған сияқты. Оның «Саяхат» деп аталатын саяси мемуары үкіметтегі лауазымнан кеткеннен соңғы қызметі туралы баяндайды.

Бұрынғы премьер-министр биліктен кеткен соң Таяу Шығыста төрт тараптың ресми өкілі, Африкадағы жұмысы, Faith Foundation мен Climate Group ұйымдарын құруы арқылы әлемдік істерге араласқанын айтады.

Бірақ ол Вестминистрдегі Мэйфер кварталындағы салтанатты кеңселерде орналасқан жеке бизнесі – Tony Blair Associates компаниясын құрғаны жайлы жақ ашпайды. Блэр JP Morgan Chase корпорациясы, Кувейт үкіметі және Абу-Дабидегі инвестициялық Mubadala компаниясы сияқты клиенттерімен жұмыс жасасқанын да айтпайды.

«Бұрынғы премьер Африканың табиғатын қорғаудағы бастамаларына көңілі толғанымен, өзінің қызметі жайлы таратып айтуды қажет деп таппаған сияқты. Бұл оның ақпарат еркіндігін енгізген беделіне көлеңке түсіреді» дейді басылым.

Тони Блэрдің жақын досының айтуына қарағанда, «ол өте жомарт жан». Досының айтуынша, бұрынғы премьер-министр биліктен кеткелі бері қайырымдылық шаралары мен қорларына 7 миллион фунт-стерлингті ойланбай берген.

ТОНИ БЛЭР ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЛАЙ КЕЛДІ?

Қазанның 24-і күні Қазақстан президентінің кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев Тони Блэрдің Қазақстан үкіметіне экономикалық және саяси мәселелерде кеңес беретінін ресми түрде мәлімдеген еді. Кеңесші Блэрмен бірге жұмыс істейтін шетелдік мамандар жайлы да жылы пікір айтты, бірақ бір жылдық еңбегіне қанша ақша алатынын айтпады.

Ал Mail On Sunday басылымы қазанның 30-ы күнгі санында Тони Блэр
Үнділік бизнесмен Лакшми Миттал. Қарағанды облысы Абай қаласы, 21 қыркүйек 2006 жыл.
Үнділік бизнесмен Лакшми Миттал. Қарағанды облысы Абай қаласы, 21 қыркүйек 2006 жыл.
Қазақстанға кеңес беру қызметіне Mittal Group компаниясының иесі, Arselor Mittal компаниясына ортақ иелік ететін үнділік бизнесмен Лакшми Митталмен кездесуден соң жеткенін жазады. Биыл мамыр айында Астанада өткен шетелдік инвесторлар жиынына Лакшми Митталмен бірге Тони Блэр, оның лейбористік партиясымен жақын байланыстағы бизнесмендер мен саясаткерлер келген болатын. 20 миллиард АҚШ долларлық байлығы бар, Қазақстанда қарамағында 20 мың адам жұмыс істейтін Лакшми Митталл Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен жақын байланыста дейді басылым.

«2001 жылы Блэрдің Митталлмен байланысынан ши шықты. Тони Блэр сол жылы лейбористік партияға 125 мың фунт-стерлинг көмек ақша аударғаннан кейін Митталдың мемлекет меншігіндегі болат өндіретін компанияны сатып алуына қолдау көрсетіп, Румыния үкіметіне жазған хаты табылған. Блэр сол үшін есеп берген» деп жазады басылым.

Екі жақ та Тони Блэрдің Митталды қолдауы қайырымдылық ақшасымен байланысы барын жоққа шығарған. Басылымның айтуынша, Блэрдің Румыния үкіметіне жазған хаты компанияның жекешелендіріп, Митталдың қолына өтуі Румынияның Еуропалық одақ құрамына кіруін жеңілдету мүмкіндігін меңзейді.
XS
SM
MD
LG