Accessibility links

Ресейдің биліктегі партиясының парақорлық ісі жайлы видео шықты


Ресейдің биліктегі "Единая партиясының" жетекшілері.
Ресейдің биліктегі "Единая партиясының" жетекшілері.
Ресейдің биліктегі "Единая Россия" партиясының жоғары өкілі алдағы сайлауда партияға дауыс бергендерге жақсы жағдайлар жасалады деп тұрғындардың даусын сатып алуға тырысқан.

Бұл туралы ұялы телефонға түсірілген видео-таспа интернетте жарияланып, қызу талқылауларға түрткі болды. Онда Ижевск аймағының әкімшілік басшысы Денис Агашин жиналған жұртпен "желтоқсан айындағы парламенттік сайлауда "Единая Россия" партиясының қанша дауыс жеңіп алғанына байланысты сіздерге жағдай жасалады" деп саудаласқан.

Ресейлік зейнеткерлерге билік партиясына дауыс беру үшін ақша ұсынған Агашиннің кездесуінен алынған видеоны интернетке Ресейдегі осындай сыбайлас-парақорлық істерін әшкерелеп жүрген блоггер Алексей Навальный шығарған.

Владимир Путин билігі кезінде құрылған "Единая Россия" партиясы Ресей Думасы мен аймақтық әкімшіліктерде үстемдік құрып отыр.
XS
SM
MD
LG