Accessibility links

БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы бүгін Палестинаның ұйымға толық қанды мүшелігі туралы ұсынысы бойынша дауыс берді. Бұл қадам ЮНЕСКО-ны АҚШ-тың миллиондаған доллар қаржылық қолдауынан айыруы мүмкін.

Мемлекет ретінде мойындауды көздеген Палестинаның ЮНЕСКО-дан ұйымға мүше болу мәртебесін сұрауы өткен айдағы БҰҰ-на толық мүшелікке қабылдау жөніндегі өтінішінің бір бөлігі.

АҚШ Палестинаның БҰҰ-на мүшелікке өтуіне қарсы болатынын айтқан. Бірақ ЮНЕСКО Палестинаның өтінішін қабылдауға тек үштен-екі дауыс қажет деген.

193 мүше елі бар ЮНЕСКО Палестина өтініші бойынша бүгін Парижде дауыс берді.

АҚШ ЮНЕСКО-ның бюджетіне ең көп ақша салып отырған ел. Бірақ АҚШ заңы бойынша Палестинаны толық мүше ел деп қабылдаған БҰҰ-ның қандайда бір ұйымын қаржыландыруға тыйым салынған.
XS
SM
MD
LG