Accessibility links

Қытай ұшқышсыз ғарыш кемесін ұшырды


Қытай ғарыш кемесінің ұшу сәті. Ганьсу провинциясы, 29 қыркүйек 2011 жыл.
Қытай ғарыш кемесінің ұшу сәті. Ганьсу провинциясы, 29 қыркүйек 2011 жыл.
Қытай "Шэньчжоу-8" деп аталатын ұшқышсыз ғарыш кемесін ұшырды.

Бұл ғарыш кемесі жер орбитасындағы Қытайдың "Тянгун-1" модулімен түйісуі тиіс. Қытай болашақта өзінің ғарыш станциясын құруды көздеп отыр.

Бейжің алдағы жылы айды айналып ұшатын арнайы зондты ұшыруды жоспарлаған. Сондай-ақ айға оның бетінде жүретін аппараттарды жеткізбек.
XS
SM
MD
LG