Accessibility links

БҰҰ Ливиядағы қару-жарақ туралы қарар қабылдады


Сирт қаласынан шамамен 130 шақырымдай жерде жатқан қару-жарақ жәшіктері. Ливия, 30 қазан 2011 жыл.

Сирт қаласынан шамамен 130 шақырымдай жерде жатқан қару-жарақ жәшіктері. Ливия, 30 қазан 2011 жыл.

БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Ливиядағы жанжалдан кейінгі елдің қолында қалған қару-жараққа қатысты қарарды бір ауыздан қабылдады.

Бұл құжат Ливия басшылығын Муаммар Каддафи билігіне қарсы азаматтық бас көтеру басталған кезден әскери бөлімшелер мен қоймаларда талан-таражға түскен түрлі қару-жарақ, соның ішінде, әсіресе, зениттік-зымырандық қарудың тарауына жол бермеуге шақырады.

Қарар авторлары бұл қару-жарақ экстремистік топтардың, атап айтқанда "әл-Қаида" ұйымы бүлікшілерінің қолына тиюі мүмкін деп қауіптенеді.

Сонымен бірге, қауіпсіздік кеңесі Ливияның жаңа басшылығын елдегі химиялық қарудың бүкіл қорын шетелдік мамандардың көмегімен жоюға шақырған. Дүйсенбі күні Ливия өтпелі үкіметінің жетекшісі Махмуд Жибрил Ливияға химиялық қарудың қажеті жоқ деп мәлімдеген еді.
XS
SM
MD
LG