Accessibility links

Лондонда интернеттегі қылмысқа қарсы жиын өтеді


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Бүгін Лондонда үкіметтік шенеуніктер, бизнес жетекшілері мен интернет белсенділері интернеттегі қылмыс пен қауіп-қатерге қарсы экономикалық мүмкіндіктерге және сөз бостандығына нұқсан келтірмей қалай күресу жайын талқылауға жиналады.

Лондонда басталатын «Киберкеңістік конференциясына» АҚШ, Қытай, Ресей және Үндістаннан өкілдер келеді деп жоспарланып отыр.

Жиын қарсаңында британ коммуникациялық барлау агенттігінің басшысы Ұлыбритания үкіметі мен компьютерлік жүйелер индустриясына, оның ішінде үкіметтің сырт елдердегі кеңселеріне сансыз кибершабуылдар жасалып жатқаны туралы мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG