Accessibility links

Қытай билігі диссидент суретшіден 2,3 миллион доллар өндіріп алмақ


Қытайлық суретші Ай Вейвей. Қараша, 2010 жыл.

Қытайлық суретші Ай Вейвей. Қараша, 2010 жыл.

Қытайдың диссидент суретшісі Ай Вейвей билік өзіне 2,3 миллион долларға тең салықтар мен айыппұлдар төлеткісі келетінін мәлімдеді. Ол салық қызметкерлері үйіне әкелген ресми ескерту қағазды алудан бас тартқанын айтады.

Қытай билігі үш ай бойы қамауда ұстаған 53 жастағы Ай Вэйвэй биыл маусым айында кепілге босатылған еді. Қытай үкіметі "суретші салық төлеуден жалтарғанын мойындады" деп хабарлады.

Алайда суретшінің отбасы оның ешқандай салықтан жалтармағанын айтып, "Ай Вейвей коммунистік билікті сынағаны үшін қудаланып отыр" деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG