Accessibility links

Грекия халықаралық көмек қаржы алуға қатысты референдум өткізбек


Грек премьер-министрі Георгиос Папандреу Еуропа одағының саммитінде. Брюссель, 27 қазан 2011 жыл.

Грек премьер-министрі Георгиос Папандреу Еуропа одағының саммитінде. Брюссель, 27 қазан 2011 жыл.

Грек премьер-министрі Георгиос Папандреу елде халықаралық қауымдастықтан көмек қаржы алу келісіміне қатысты референдум өткізетіні туралы мәлімдеді.

Папандреу халықаралық несие берушілер талап еткен реформаларды жүргізу үшін үлкен саяси қолдау керек екенін айтты. Премьер-министрді қолдайтын билеуші социалистік партияның бірнеше мүшесі елдегі наразылықтардың күшейгеніне қарамастан парламент қатаң шаралар қабылдаған кезде партия қатарынан шығып кеткен.

Референдум келесі жылдың басында өтеді деп жоспарланып отыр. Грекия азаматтары көмек қаржыны алуға дауыс бере ме деген мәселеде екіге жарылған сарапшылар "нарықта алда бір-екі ай тұрақсыздық болады" дейді.

Премьердің мәлімдемесіне орай еуроның долларға шаққандағы бағамы 2 пайызға құлдырады.

Бұған дейін Еуропа одағы басшылары Афиныға екінші рет 130 миллиард еуро көмек қаржы беруге және бұрынғы қарыз көлемін 50 пайызға кемітуге келіскен еді.
XS
SM
MD
LG