Accessibility links

Израиль Иерусалимнің маңынан үй салады


Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Барак Обамамен екіжақты кездесу кезінде. 21 қыркүйек, 2011 жыл.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Барак Обамамен екіжақты кездесу кезінде. 21 қыркүйек, 2011 жыл.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху израильдіктерге арнап Иерусалимнің маңынан 2 мың үй салуға бұйрық берді.

Бұл жоспар Палестинамен арадағы бейбіт келімдердің бір бөлігі екенін айтқан Нетаньяху ол хабарды үкімет мүшелерінің сессиясында, Палестина ЮНЕСКО-ның толық мүшесі болып қабылданғаны туралы мәселе талқыланғаннан кейін жариялады.

ЮНЕСКО-да қазанның соңында Палестинаның осы ұйымға толық мүшелігі туралы ұсынысы бойынша дауыс беру өткен еді. Онда Палестинаны 104 мемлекет қолдап, 14 мемлекет (АҚШ, Канада, Германия, Израиль, т.б. елдер) қарсы дауыс берді.

Осы шешімнен соң АҚШ өз заңына сай ЮНЕСКО-ны қаржыландыруын тоқтататынын, ал Израиль бұл мәселені қарастырып жатқанын мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG