Accessibility links

Судьяның діни экстремистік ұйымға қатысы жоғы анықталды


Ағызбек Төлегенов, Ақтөбе гарнизоны әскери сотының жанында. Ақтөбе, 01 қараша 2011 жыл.

Ағызбек Төлегенов, Ақтөбе гарнизоны әскери сотының жанында. Ақтөбе, 01 қараша 2011 жыл.

Қарашаның 2-сі күні Ақтөбе гарнизонының әскери соты "бұрынғы судья Ағызбек Төлегеновтің ешқандай экстремистік ұйымдарға қатысы болған емес" деген шешім шығарды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Ақтөбе облыстық департаменті бастығының орынбасары қол қойған хатта «Бізде сот қызметіне қатысты құпия мәліметтердің бары рас. Бірақ оның Төлегеновке еш қатысы жоқ» делінген.

Судья Ағызбек Төлегенов әскери соттың шешіміне толық қанағаттанбай отыр.

Ағызбек Төлегенов - «Таблиғ-и-жамағат» тобымен байланысы бар деген айыппен жұмыстан қуылған Қазақстандағы алғашқы судья. Бұған дейін Ақтөбе облыстық соты мен Қазақстан жоғарғы соты оны ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметіне сүйене отырып айыптаған еді. Онымен келіспеген судьяның Ақтөбе гарнизоны әскери сотына шағымданғанын Азатық радиосы хабарлаған.
XS
SM
MD
LG