Accessibility links

Қырғызстанның оңтүстігінде сайлау нәтижесіне наразылық танытып жатыр


Қырғызстанда президент сайлауында жеңіліске ұшыраған үміткерлер Қамчыбек Ташиев пен Адахан Мадумаровтың жақтастары елдің оңтүстігіндегі екі қалада наразылық танытып жатыр.

Жалалабад қаласында мыңнан астам адам облыс әкімшілігінің жанындағы орталық алаңға жиналып, наразылық білдіріп жатыр. Ош қаласында да наразылық танытушылар қала әкімшілігі жанындағы орталық алаңға жиналған. Келушілер саны артып келеді. Қамчыбек Ташиев пен Адахан Мадумаровтың жақтастары қазанның 30-ы күні болған сайлауды бұрмалады деп айыптайды.

Қырғызстанда қазанның 30-ы күні болған президент сайлауында премьер-министр Алмазбек Атамбаев 63,04 дауыс жинап жеңіске жеткен. «Бутун Қырғызстан» партиясының жетекшісі, бұрынғы мемлекеттік хатшы Адахан Мадумаровқа сайлаушылардың 14,83 пайызы қолдау білдірген. Ал «Ата-жұрт» партиясының төрағасы, Қырғызстанның бұрынғы төтенше жағдайлар министрі Қамчыбек Ташиев дауыс бергендердің 14,4 пайызының сеніміне ие болды.
XS
SM
MD
LG