Accessibility links

Еуроодақ басшылары Грекияның референдум өткізу шешімін талқылайды


Джордж Папандреу Николя Саркози және Ангела Меркельмен Еуроодақ саммитінде кездесу кезінде. Брюссель, 21 шілде, 2011 жыл.

Джордж Папандреу Николя Саркози және Ангела Меркельмен Еуроодақ саммитінде кездесу кезінде. Брюссель, 21 шілде, 2011 жыл.

Франция мен Германияның жетекшілері бүгін Халықаралық валюта қорының басшысы, Еуропадағы жоғары деңгейлі шенеуніктермен және Грекия басшылығымен кездеспек. Кездесуде олар Грекияның әрең қол жеткен көмек қаржыны алу үшін неге референдум өткізуге шешім қабылдағанын талқылайды.

Грек премьер-министрі Джордж Папандреу қазанның соңында Грекия Еуроодақ елдерінен екінші рет көмек ақшаны алу үшін референдум өткізеді деп мәлімдеген болатын. Егер Грекия көмек қаржыны алғысы келсе, онда қатаң шараларға саяси тұрғыда қолдау көрсету керек деді премьер-министр.

Еуроодақ елдерінің басшылары өткен аптада Афиныға екінші рет 130 миллиард АҚШ долларына тең көмек қаржы беруге және бұрынғы қарызының көлемін 50 пайызға азайтуға уағдаласқан.
XS
SM
MD
LG