Accessibility links

Сирия елде зорлық-зомбылықты тоқтату туралы келісімге келді


Президент Башар әл-Асад Араб лигасы елдерінің басшыларымен кездесуі кезінде. 26 қазан, 2011 жыл.

Президент Башар әл-Асад Араб лигасы елдерінің басшыларымен кездесуі кезінде. 26 қазан, 2011 жыл.

Араб лигасы Сирияның өз қалаларынан әскерін шығаруға келіскенін мәлімдеді. Бұл - Араб лигасының елдегі тәртіпсіздіктер мен қантөгісті тоқтатуға шақырған ұсыныстарының бір парасы.

Келісімге Араб лигасына кіретін елдердің министрлері Каирде кездескенде қол жеткен. Кездесуден кейін өткен баспасөз жиынында Катар премьер-министрі Шейх Хамад бен Жасем әл-Тани "Біз Сириямен мұндай келісімге келгенімізге қуанып отырмыз" деді. Ол Дамаскінің елде зорлық-зомбылықтарды тоқтатуға, тұтқындарды босатуға және қалалар мен елді мекендерден әскерін алып кету туралы жасаған келісімін оқып берді. Сирия сондай-ақ елдегі жағдайды хабарлап отыру үшін Араб лигасы мен шет елдік ақпарат құралдарын елге кіргізуге рұқсат берді.

Сирияда биылғы жылдың наурыз айынан бері президент Башар әл-Асадтың биліктен кетуін талап еткен шерушілер мен үкімет күштерінің арасындағы қақтығыстарда, БҰҰ-ның дерегі бойынша, 2,5 мыңнан астам адам қаза тапқан. Дамаск наурыз айынан бері елде шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының жұмыс істеуіне де тыйым салған болатын.
XS
SM
MD
LG