Accessibility links

Түркіменстан президенті Еуропаға газ сатқысы келетінін айтты


Газ құбыры. (Көрнекі сурет)

Газ құбыры. (Көрнекі сурет)

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов бүгін "Еуропаға газ тасымалдау - Түркіменстанның сыртқы саясатындағы маңызды орын алады" деді. Ол мол табиғи газ қоры бар Түркіменстанды "табыс түсетін нарықтармен жалғайтын жаңа газ құбырлары" керек екенін, Иран мен Ресей қарсы болып отырған Транскаспий құбырын салу қажеттігін айтты.

Бердімұхамедов соңғы кездері түркімен газын Еуропаға сату жайында ашық айтып жүр. Түркіменстан Ресейге сататын газ бағасына екі жыл бойы келісе алмай, Мәскеумен қарым-қатынасы салқындап кеткен болатын.
XS
SM
MD
LG