Accessibility links

Израиль мен Иран бір-біріне ескерту жасады


Иранның әскери басшылығы Израильдің өз еліне жасайтын кез-келген шабуылына қарсы ескерту жасады. Генерал Хассан Фирузабиди "Израиль Иранға қарсы жасайтын кез-келген шабуылына өкінетін болады және ол үшін қатаң жазаланады" деп мәлімдеді. Генерал бұл сөзін Израильдің Иранға күйрете соққы беруге қабілетті зымыранды сынақтан өткізгені туралы хабарына жауап ретінде айтты.

Алайда, Израильдің сыртқы істер министрі Эвигдор Либерман Израиль радиосына Израильдің Иранға шабуыл жасауына қатысты пікірталастың 99 пайызы "шындыққа жанаспайды" деді.

Израиль осы аптада қашықтыққа зымыран тасымалдайтын құрылғыны сынақтан сәтті өткізген болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG