Accessibility links

Орыс ұлтшылдары Кавказ мәселесінде екіге жарылды


Ресейдегі оңшыл әсіреұлтшыл топ Санкт-Петербургтегі жиын кезінде. 4 қараша, 2011 жыл
Ресейдегі оңшыл әсіреұлтшыл топ Санкт-Петербургтегі жиын кезінде. 4 қараша, 2011 жыл
Бүгін Ресейдің бірнеше қаласында «Орыс шеруі» акциясын өткізетін орыс ұлтшылдары Кавказға қатысты ұстанымдарында екіге бөлінді.

Ұлтшылдардың бір тобы «Кавказды тонауды тоқтатыңдар!» деген ұранмен, екінші топ «Ресей Кавказсыз өмір сүре алмайды!» деген ұранмен шықпақ. Алғашқы топтың өкілі және шеруді ұйымдастырушылардың бірі Владимир Тор Ресейдің Кавказға соншалықты көп қаржы салып, аймақты ұстап отыруы дұрыс емес деп санайды. Ол Солтүстік Кавказ республикаларына федералдық бюджеттен бөлініп жатқан қаржыны Мәскеудің бір кездері Алтын Ордаға төлеп отырған алым-салығымен салыстырды.

Мұнымен келіспейтін «Отвага» ұлтшыл-патриоттық қозғалысы басшысының орынбасары Александр Фурсов "ол ұранның мақсаты - Солтүстік Кавказды Ресейден бөліп алу" дейді. Ол билеуші «Единая Росиия» партиясын ұлтшыл топтар арасында алауыздық тудырып отыр деп айыптады.

Кейбір қарсы топтар Мәскеу қаласы әкімшілігінен балама шеру өткізуге рұқсат сұрады.
XS
SM
MD
LG