Accessibility links

Бүгін қажылық басталды


Мұсылмандар Меккедегі әл-Харам мешітіндегі Қағбаны айналып жүр. 31 қазан, 2011 жыл.
Мұсылмандар Меккедегі әл-Харам мешітіндегі Қағбаны айналып жүр. 31 қазан, 2011 жыл.
Әлем мұсылмандары бүгін жылына бір рет келетін қажылық парыздарын өтеуді бастады.

Сауд Арабиясының билігі биыл қажылыққа 2,5 миллион адам келеді деп болжап отыр. Қажылық парызы мұсылмандар үшін қасиетті саналатын Мекке мен Медине қалаларында атқарылады. Биылғы қажылық Тунис, Египет және Ливияда билікті құлатқан араб елдеріндегі үкіметке қарсы шерулермен тұспа-тұс келіп отыр.

Қажылық қарашаның 9-ында аяқталады.
XS
SM
MD
LG